Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбе зауытындағы апат: тағы бір жұмысшы қайтыс болды

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2020 18:54 видеодан кадр
Ал 36 жастағы екінші жұмысшының жағдайы орташа ауыр.

Ақтөбеде зауытта жарақат алған тағы бір жұмысшы қайтыс болды. 32 жастағы ер адам жансақтау бөлімінде жатқан болатын. Денесінің 65-80 пайызын күйік шалған пациентті аман алып қалу мүмкін болмады. Дәрігерлер оның ес-түсі болғанымен, басы мен беті, аяқ-қолы, тыныс алу жолдары буға әбден күйіп қалғанын айтты.

Шоктан арылып, беті бері қарағаннан кейін емін жалғастыру үшін республикалық орталыққа тасымалдауды жоспарлаған екен. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Ерғали Базарқұлов, облыстық жедел жәрдем ауруханасы травматология бөлімінің меңгерушісі:

"Пациент біздің ауруханаға 28-і мамыр күні түскен болатын. Денесінің 65-80 пайызы күйіп қалған. Тыныс алу жолдары да зақымданған. 1,2 дәрежелі күйік болды. Реанимацияда жатты. Өкінішке қарай, барлық ем-шараны жасағанымызбен, түнде қайтыс болды".

Ал 36 жастағы екінші жұмысшының жағдайы орташа ауыр. Бүгін жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырған. Оның денесінің 45 пайызы күйген. Дәрігерлер зауыт жұмысшысы ауруханада екі ай жатып, емделуі керек деп отыр.

Естеріңізге салсақ, өткен аптада Ақтөбе хром қосындылары зауытында апат болып,сыйымдылығы 50 текше метр болатын бөшкені тазартқан төрт жұмысшы оқиға орнында мерт болған еді. Қылмыстық іс қозғалып, учаске шебері, бөлім бастығы және №4 цех бастығы ұсталды. Олар тергеу аяқталғанға дейін қамауда отырады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: