Павлодарда жасырын есірткі әзірлейтін зертхана анықталды

ҚР ҰҚК, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2020 18:48 ҚР ҰҚК
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

ҚР ҰҚК-нің Павлодар облысы бойынша департаменті жедел-іздестіру шаралары барысында "гидропоника" әдісін қолданып есірткі өсімдіктерін заңсыз өсірумен айналысқан павлодарлықты ұстады, деп хабарлайды zakon.kz.

Атап айтқанда, 2020 жылдың 25 мамырында жалға алынған гаражда тиісті құрал-жабдықтармен жабдықталған есірткі зертханасында қолдан өсірілген "голланд" және "мексика" сорттарының 28 элиталық қарасора түбі табылды (нарықтық құны шамамен 14 млн теңге), сондай-ақ сатуға дайындалған дәрілік заттар да шықты, - дейді ведомствадағылар.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2020 18:48

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабының 3-бөлігі, яғни "Есірткі , психотроптық заттарды, олардың баламасын сату немесе өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау" бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тізілімге тіркелді.

Тәркіленген заттар бойынша сот-химиялық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2020 18:48

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: