Алматыдағы заңсыз митингі. Қоғам белсендісі 3 жылға сотталуы мүмкін

Ол Алматы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына жабылды.
Әсия Төлесованың тәртіп сақшысына қол көтергенін түсірген видео әлеуметтік желілерде тарай бастады, деп хабарлайды zakon.kz.
Оқиға 6 маусымда Алматыда болған. Заңсыз митингіге қатысқан Төлесова кезекшілікте тұрған полиция қызметкеріне қатысты күш қолданған. Әсия Төлесованың заңсыз әрекеттеріне дәлел видео желіде пайда болды.
Бұл фактіге қатысты 3 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастыратын Қылмыстық кодекстің 378 және 380-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
8 маусымда күдікті Төлесова ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128 бабы бойынша қамауға алынып, Алматы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына жабылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript