Кентауда тақтайлар жиналған 6 цех отқа оранды

ҚР ІІМ ТЖК, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.06.2020 16:55 ҚР ІІМ ТЖК
Сағат 21: 08-де өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Түркістан облысының Кентау қаласында жиһаз жасау шеберханасы өртке оранды, деп хабарлайды zakon.kz.

16 маусымда сағат 14: 40-та Кентау қаласының Шорнақ ауылдық округіне қарасты Қосмезгіл ауылында жиһаз жасайтын жеке аумақтағы шеберхана өртенді, от өрт шыққан шеберханаға жапсарлас орналасқан, есік алдында кептіру үшін тізілген тақтайлары бар 5 цехқа ойысқан , - деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖМ баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге қатты жел мен аптап ыстық кедергі келтірген: "Қазгидромет" РМК ақпараты бойынша секундына 9-12 метр жылдамдықпен жел соғып, бұл күнгі ауа температурасы 33 градус аптап ыстық болған.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.06.2020 16:55

Сағат 21: 08-де өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің, кезекші кезекшілік-тергеу тобының, жергілікті атқарушы органдардың 138 адамнан және 34 техникадан тұратын күш өртті сөндіруге жұмылдырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: