Жаңалықтар тізбегі
0

"Рөлді жібере салып, жүргізе аламын". Үш адамды қаққан мас әйелге қатысты тың дерек шықты

fbc.net.ua, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2020 16:58 fbc.net.ua
Мас әйелдің жанындағы жолаушыға да дәрігерлердің көмегі қажет болған. Ішімдікті ұнататын адам қазір түрмеде. Қылмыстық іс қозғалды.

2020 жылы 22 маусымда сағат 21: 03-те Нұр-Сұлтанда "Мазда" көлігін тізгіндеген мас әйел жолдың қарсы бетіне шығып, үш жаяу жүргіншіні қағып кеткені алдында хабарланған. Осы оқиғаға қатысты тың дерек пайда болды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Евразия" Бірінші арнасы келтірген дерекке сүйенсек, 20 және 19 жастағы апалы-сіңлілі Алина мен Дильназ кішкентай бауырын қоларбаға салып, серуендеуге шығып, үйге қайтып келе жатқан. Өкінішке қарай, үшеуі де көлік астына түсті.

Төтенше жағдай орнына жедел жәрдем бригадасы келді. Дәрігерлер зардап шеккендерді құтқару үшін барын салуда. Бір жарым жастағы сәби жан сақтау бөлімінде. Дәрігерлер апалы-сіңлілердің бірінің жағдайын орташа деп бағалайды. Ал екінші қыздың жағдайы ауыр.

Қойылған диагноз - жабық бас жарақаты, мидың шайқалуы, кеуде омыртқасының сынуы. Жағдайы ауыр деп бағаланады, жансақтау бөлімінде. Болашақта хирургиялық емдеу қажет болуы мүмкін, - деді Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының травматолог-дәрігері Қасым Асқанов.

Апалы-сіңлілердің жанында кішкентай сіңлісі де болған. Алайда ол алысырақ тұрып, аман қалған. Ол қағатын көлікті көргенін, бірақ қорыққанынан аузына сөз түспегенін айтады. Бірақ ол барлығының қалай болғанын өз көзімен көрген:

"Терезе ашық тұрды, ол айғайлап сөйледі: "Мен рөлді ұстамай жүргізе аламын, міне былай" деп мақтанды, көзді-ашық жұмғанша апат болды, оның алдынан жастықша атылды, ол бірден көліктен секіріп шықты, оған түк болған жоқ".

- Неге ішеді? Кішкентай Самирдің екі аяғы сынған! Үнемі құса береді. Бар-жоғы бір жарым жаста. Көптен күтіп, әрең қол жеткізген бала ол. Арбасы майысып қалған. Олар жақын тұрған көліктің астына қарай қысылған. Қайта екі көліктің арасында қалып қоймады, - дейді жәбірленушілердің тәтесі Гүлжамал Мұхамеджанова.

Мас әйелдің жанындағы жолаушыға да дәрігерлердің көмегі қажет болған. Ішімдікті ұнататын адам қазір түрмеде отыр. Қылмыстық іс қозғалды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: