Алматыда сөмке ішінен бүктеулі күйі табылған әйелдің өліміне қатысты тың дерек жарияланды
Сурет: Zakon.kz
Алматы полициясы қала шетінен сөмке ішінен бүктелген күйінде табылған әйелді өлтірген қаскөйді іздестіріп жатыр. Бұл фактіге қатысты "Кісі өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәйітті белбеумен буып, скотчпен орап, сөмкеге салып, көшеге тастап кеткен. Полиция дерегінше, дене табылған аула Түркісіб ауданының ең криминогенді учаскесі болып табылады. Мұндайды бұрын-соңды көрмеген тұрғындар қатты шошыған. Бір аптадай аулада тұрған сөмкенің бетін осы маңайды тазалайтын әйел ашқан, деп жазады КТК 6 желтоқсанда.
"Түрксіб аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Объективті мән-жайды анықтауға бағытталған жедел және тергеу шаралары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, өзге мәлімет жария етілмейді".Салтанат Әзірбек, Алматы ПД ресми өкілі
Жергілікті тұрғындар марқұмның Гауһар есімді әйел екенін, соңғы кездері бір еркекпен ұрсысып жүретінін айтады. Сөмке аулада апта бойы тұрған. "Ішінде адамның денесі бар екенін кім білген", - дейді тұрғындар
Айта кетсек, 5 желтоқсанда Алматының аудандарының бірінен әйелдің мәйіті табылғаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript