Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында студенттер көлікке мініп алып, жолда ойына келгенін жасаған

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2020 16:52 видеодан алынды
Олар әкімшілік жазаға тартылды.

Әлеуметтік желілерде жол қауіпсіздігі ережесін бұзып, көшеде бірнеше автокөліктермен серуендеп, автошеру ұйымдастырған жастардың видеосы тарады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тексеру барысында Шымкент қаласының студенттері Төлеби ауданы Алғабас асуы арқылы Қазығұрт ауданына бара жатқандары анықталды.Жол бойында бассыздық жасап, тәртіп бұзғандардың жеке басын анықтау мақсатында Төлеби АПБ-ның полиция қызметкерлері қажетті іс-шараларды жүргізіп, кінәлі жүргізушілерді әкімшілік жауапкершілікке тартты. Нәтижесінде, 2 “Мерседес” маркалы автокөлігімен “ВАЗ”, “Лада” маркалы көліктер анықталды.

“Мерседес” жүргізушілеріне қатысты әкімшілік жауапқа тарту бойынша екі хаттама толтырылды. Олар келесідей: ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы “Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау” және 593-бабы “Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау”. Ал, “ВАЗ” және “Лада” автокөліктеріне қатысты айыптұрағына қою бойынша жұмыстар жасалып жатыр.

Қазіргі таңда қалған жол қауіпсіздігі ережесін бұзушылыққа қатысушыларды анықтау жұмыстары жалғасып жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: