Шекарада Қытай дәрілерін заңсыз алып өтпек болған ер адам ұсталды

nikolaev24.com.ua, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.01.2019 23:27 nikolaev24.com.ua
Жүктің иесі әкімшілік жазаға тартылатын болады.

Алматы облысында орналасқан Қорғас кеден бекетінде шекарашылар елімізге Қытай дәрілерін заңсыз алып өтпек болған ер адамды ұстады, деп хабарлайды zakon.kz "Хабар 24" телеарнасы таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

21 жастағы Қазақстан азаматының жүгін тексеру барысында төрт қорапта салынған жалпы салмағы 68,5 келі болатын түрлі дәрі-дәрмектерді анықтады. Бүгінгі күні ұсталған адамның барлық жүгі актіленіп, Алтынкөл бекетіне тапсырылды. Осы іске қатысты арнайы сараптама жүргізіледі. Ал жүктің иесі әкімшілік жазаға тартылатын болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: