Қарағандыда педофил пайда болғаны туралы желіде хабар тарап жатыр
Қарағандыда қараусыз балаларға тисетін педофил пайда болғаны туралы үрейлі хабар тарауда, деп хабарлайды zakon.kz.
Осындай жазба instagram-дағы patriotkaragandy парақшасы жарияланды.
Ата-аналар! Қарағандыда оңтүстік-шығыста кішкентай қыздарға тисетін қаскөй пайда болды. Ол көшеде ата-анасының қарауынсыз ойнап жүрген балаларды аңдиды. Содан кісі аяғы аз жерге баланы алдап апарып, тиседі. Сондай-ақ ол жағыз кетіп бара жатқан баланың артынан еріп, подъезге кіргенде қолын жүгіртеді, деп жазды автор.
Дегенмен әлі күнге дейін бір де бір бала педофилдің құрбаны болмаған
Ол тиіскен қыз балалардың барлығы қашып құтылған. Біреуі шыңғырған, тағы біреуі жұлқынып, қолынан сытылып шыққан, тағы біреуі айқайлаған, бұл әрекеттер оны шошытып, үркіткен. Осыған ұқсас фактілер Степной-4 және Гүлдер-2 ықшам аудандарында да болған, делінген жазбада.
Полиция қазір оны жанталаса іздеуде және қаскөйдің суреті қыз балалардың айтуымен құрастырылған.