Алматы облысында сөредегі телефон ұрлығы бейнежазбаға түсіп қалды
tumenpro.ru
Күдікті қамаққа алынды.
Алматы облысы Көксу ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері бейнежазбаға түсіп қалған ұялы телефон ұрлығы дерегін "ізін суытпай" ашты. Бұл мүліктік қылмыс азық-түлік дүкендерінің бірінде орналасқан бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Балпық би ауылының тұрғыны ұялы телефонының ұрлағаны туралы полицияға арызданған. Оның үстіне, ол дүкенге кіріп, қажетті азық-түліктерді сатып алғаннан кейін, төлем жасау үшін, ұялы телефонын сөреге қойып, оны ұмытқанын, біраз уақыттан кейін ол есіне түскенін жеткізген. Ал осы уақыт ішінде жеңіл олжаға кенелмек болған келуші ұзақ ойланбастан, иесіз жатқан бөтеннің мүлкін қолды қылған. Алайда, оның қуанышы ұзаққа созылмады. Сонымен қатар, зардап шегуші 10 минуттан кейін дүкенге қайтып оралып, өз ұялы телефонын ұмыт қалдырған жерінен таппай, сол жерде дабыл қаққанын айтқан. Қуанышқа орай, жақын маңда экипаж мүшелері патрульдеу жұмыстарын жүргізіп жүрген. Жарты сағат ішінде күдікті әшкереленіп, ұсталды", - деп хабарлайды Көксу аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Рамиль Гимадиев.
Ұсталған азамат кінәсін дәлелдейтін тікелей дәлелдерден кейін жасаған әрекетін жоққа шығармады. Күдікті қамаққа алынды. Алынған ұялы телефон ҚР ҚК 188-бабына сәйкес Көксу ауданының полиция бөлімінде қозғалған қылмыстық іске тікелей дәлел болады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript