Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында ауылдастары бір адамның үйін таспен атқылаған

otyrar.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2020 21:42 otyrar.kz
Үш адам түрлі дене жарақаттарын алған.

Түркістан облысының полицейлері бұзақылық жайты бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

"21 шілде түнгі сағат 01:00 шамасында Кентау қалалық ПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан, өзін және туыстарын ауылдастары ұрып-соққандығы туралы хабарлама келіп түскен. Бұл жайт ҚПБ-не тіркелді. Оқиға орнына шұғыл Түркістан облысы ПД басшылығы бастаған жедел-тергеу тобы шықты.Полицейлер жүргізген жедел-тергеу іс-шарасы барысында анықталғандай, ауыл көшелерінің бірінде ер адам мен ауылдасының арасында түсінбеушілік орын алған. Арада біраз уақыт өткен соң, жәбірленушінің үйіне бірнеше автокөліктермен келген белгісіз адамдар оның үйі мен көршілерінің ауласына қарай тас лақтырып, содан белгісіз бағытқа жасырынған. Жәбірленушінің үш туысы жарақат алған. Оларға медициналық көмек көрсетілді. Жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде жедел уәкілдер төрт күдіктіні ұстады. Орын алған жағдайдың барлығы сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады", делінген хабарламада.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: