Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде 42500 теңге ала алмаған халық айқай шығарды

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2020 19:21 видеодан кадр
Жергілікті билік бұлар істейтін базарды жапқанымен, өзге ірі супермаркеттер мен сауда үйлері жұмыс істеп жатыр.

"Ішерге тамағымыз жоқ, жұмыс істеуге рұқсат беріңдер!" Ақтөбеде карантин кезінде табысынна айырылғандарға берілетін 42500 теңгені ала алмаған жүздеген адам айқай шығарды. Шыдамы шегіне жеткендер шенеуніктерден көмек сұрайды, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Карантин қашан бітеді деп екі көздері төрт болып, тамыздың екісін тағатсыздана күткен саудагерлердің көңілі су сепкендей басылды. Қаржыдан әбден қысығандардың жұмысымызды жалғастырамыз деген үміттері де сөнген. Шарасыздықтан бастары шақшадай болғандар кімнен көмек сұрарларын білмей дал.

– Бір үйде 8 бала асырап отырмын. Ішерге тамақ жоқ. Базардан тапқанымды үйге тек сығымдап алып барып, жеп отырдық. Бір күнде 4 буханка нан жеп, 1 литр сүт ішеміз. Кішкентай баламыз бар емшекте. Үкіметтің беріп жатқан 42500 теңгесін алған жоқпыз. Пожалуйста, базарды ашып, жұмысқа шыққымыз келеді! Бала-шағамызды асырайық! Базар ашылсын, – дейді саудагер Салтанат Құрманова.

Бұл жалғыздың жанайқайы емес. Орталық базарда киім-кешек, азық-түлік сататын сауда орындарында 3 мыңға тарта адам еңбектеніп жүр. Бәрі де базар жабылғалы күнделікті табыстан қағылған.

– Бізге несчастный 42500 теңгені бермейді, бермесе бермей-ақ қойсын. Бізге базарды ашсын! Жаба ма, бүкіл жерді жапсын. Самолет ұшып жатыр. Бізде аптекадағыдай очередь болмайды. Аптекада очередь, "Динада" очередь, бізге келсе 1-2 адам ғана келеді. Нан-сүтімізді алып қайтамыз біздер, дейді тағы бір саудагер Жазира Ахметова.

Саудагерлердің сөзінше, билік оларға наурыз айында жұмыс істетпеген. Айтпастан, аяқ астынан жауып тастапты. Бүкіл тауары солай іште қалған.

Базыналарын айтқан саудагерлер ашынуға себеп бар дейді. Өйткені, жергілікті билік бұлар істейтін базарды жапқанымен, өзге ірі супермаркеттер мен сауда үйлері жұмыс істеп жатыр екен. Бәрінің шамына тигені осы. Әкім-қараларға алаламай, бәріне бірдей талап қойсын деп дүрсе қоя берді.

Ал қаланың бас санитары заңсыз жұмыс істеген нысандар болса, оны анықтау, қадағалау жергілікті атқарушы билік пен полицияның құзырында деп отыр.

– Есмағамбетованың қаулысы бойынша жабылған болатын. 2 тамызға дейін. 2 тамызда қайта қаралады деген еді. Үкімет қаулысымен бұл карантин созылды. Бұл тек Ақтөбеде болып жатқан базарлардың жабылуы емес, бүкіл Қазақстанда солай, қаулы бәрімізге бірдей. Қаулы шықты. Орындау – жергілікті органдардың міндеті, деп құтылды Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Аманжол Өтеғалиев.

Базар сатушылары жұмыс істеуге мұрша берсе, барлық қауіпсіздік талаптарын сақтар едік дейді. Бұған дейін сауда орнында бірде-бір індет жұқтыру жағдайы тіркелген жоқ деп сендірді.

Сатушылардың талаптарын қойып отырғаны бірінші рет емес. Бұған дейін де, бір ай бұрын саудагерлер базардың ашылуын сұрап шу шығарып, қалалық әкімдікке дейін барған болатын. Сол кезде санитар дәрігердің қаулысымен барлық санитарлық талаптарды орындап жұмыс істеуге рұқсат берді. Саудагерлер сол кезде небары үш апта ғана жұмыс істеп үлгердік деп отыр.

Аймақтағы ахуалға келсек, жағдай біртіндеп тұрақталып келеді. Науқастар шетінен сауығып, қауіпті кеселді жұқтырғандар саны да азаюда. Мәселен, өткен тәулікте коронавирус бірде-бір адамнан анықталмаған. Провизорлық орталықтарда емделіп жатқан пациенттер де азайған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: