Ақмола облысында отбасын құтқармақшы болған ер адамның өзі суға батып кетті
24.kz
Облыс тұрғындары шомылуға қауіпті, арнайы жабдықталмаған жағжайларға баруын тоқтатар емес.
Ақмола облысында отбасын құтқармақшы болған ер адамның өзі суға батты, деп хабарлайды zakon.kz.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға Шортанды ауданында жабайы жағажайда болған.
"4 тамызда кешкі уақытта Бозайғыр көлінің ортасында үрлемелі матрасқа мінген әйел мен баланың суға кеткені туралы хабар түсті. Құтқарушылар бірден оқиға орнына барып, әйел мен оның 2012 жылғы жиенін құтқарды. Қайғылы жағдай суға шомылуға арналмаған жерде болған", - дейді Ақмола облыстық ТЖД бастығының міндетін атқарушы Қанат Доспаев.
ТЖД қызметкерлері атап өткендей, облыс тұрғындары шомылуға қауіпті, арнайы жабдықталмаған жағжайларға баруын тоқтатар емес. Құтқарушылар жергілікті полиция қызметімен бірлесіп рейдтер жүргізуде. Соған қарамастан, суға шомылу кезінде қауіпсіздік шаралары сақталмайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript