Ақмола облысында баланы құтқармақшы болған ер адамның өзі суға батып кетті
Сурет: Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі
Баланы құтқармақшы болған 1958 жылғы ер адам Щучье қаласының маңындағы көлге батып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ер адам баланы құтқарғанымен, өзі судан шыға алмай қалған. Оны оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар судан алып шықты.
"Құтқарушылар алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем келгенге дейін жүрекке массаж жасады. Өкінішке қарай, ер адамды құтқару мүмкін болмады". Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақмола облысы ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарынан судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.
Бұған дейін Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі өңірдің су айдындарында 2023 жылғы шомылу маусымында 8 адам, оның ішінде 3 бала суға батқанын мәлімдеген болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript