Жаңалықтар тізбегі
0

Сәтпаевтағы сойқанның мән-жайы: Күдіктіге полиция киімін кигізіп алып шықтық...

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.08.2020 18:26 видеодан алынды
Жоғалған бүлдіршінді табуда бейнекамераның көмегі зор болған. Өйткені бейнетаспада қыздың подьезге кірген сәті бар да, шыққаны жоқ.

Сәтпаевтағы тұрғындар мен полиция арасындағы қақтығыстан ұсталған адам саны 19-ға жетті. Тергеу амалдарында бұл сан еселеп өсуі мүмкін. Өйткені шілденің 24-не қараған түні қалада ойран салғандардың саны мыңға жуық. Оларға Қылмыстық кодекстің бірнеше бабымен айып тағылған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Ал қақтығысқа қалада жоғалған 5 жастағы қыздың ересек көршісінен қорлық көруі себеп болған еді. Ашынған топ полициядан күдіктіні беруді талап етіп, істің соңы насырға шапқан болатын.

Шілденің 24-не қараған түні дүрліккен Сәтбаевтағы бүгінгі тіршілік қалыпты. Астан-кестеңі шыққан подьезд де тыныш. Тек сол күнгі оқиғаны тұрғындар көпке дейін ұмыта алмайды. Қазір бұл үйдің тұрғындары зақымдалған дүние-мүлкін реттеп, қираған есігін жаңартып жатыр. - Мына жерде машиналар болды, адамдардың мүлкі. Солардың үстіне мініп алған, майыстырып тастаған. Бұл, әрине, шектен шыққандық. Сол күні бұл пәтерге қонаққа келген 5 жастағы қыз аулаға шығып жоқ болған. Туған-туыс, полиция мен еріктілер айналаны толық шолып шығып, подьездің алдына шоғырланыпты. Жоғалған бүлдіршінді табуда бейнекамераның көмегі зор болған. Өйткені бейнетаспада қыздың подьезге кірген сәті бар да, шыққаны жоқ. Сондықтан полиция мен еріктілер подьездегі барлық пәтерді тінти бастаған. Күдік тудырғаны – есігін ашпаған бірінші қабаттағы пәтер.

Ботагөз Бұшманова, Сәтпаев қаласының тұрғыны:

- Мына терезесі жанды ма, әйтеуір қозғалыс болды да, адамдар соны байқап қалып, ішінде адам бар деп айта бастады. Есікті сындырып, полиция қызметкерлері ішке кіргенде, терезенің алдына келіп, жаңағы кісіні, жалаңаш денелі кісіні қолынан бұрап ұстап жатқанын мен өз көзіммен көріп, камераға түсіріп тұрдым. Сосын ашынған халық, мынаның үстіне шығып, терезені шағып, торын жұлып алды. Осы жақтан жастар кіре бастады.

Қызды ата-анасына беріп, күдіктіні шығармақ болғанда ойран басталған. Ашу-ызыға ерік бергендер пәтерге баса-көктеп кірген. Үй алдында азғантай полицейлердің ырқына көнбеген қарақұрым жұрт есік алдындағы мүлікті де талқандауға кірісіпті. Істің насырға шапқанын көрген полицейлер күдіктіге полиция киімін киіндіріп үйден алып кеткен.

Жандос Қарабеков, Сәтпаев қалалық ПБ бастығы:

- Оны үйден алып шығу қиын болғанан кейін киімін ауыстырып, киіндіріп алып шығып, қауіпсіздігін қамтамасыз еттік. Әрекеттерімізге қарамастан, "Жоқ, онда сендер полицяға алып кетіп, сонда ұстап отырсыңдар" деп, балалағат сөздер айтып, бері қарай полиция бөліміне қарай келген. Бақылау пунктін сындырып үлгеріп, бері қарай кіріп, тас лақтырып, біраз шығын келтірді. Полиция бөлімінің алдында бірнеше қызметтік көлік талқандалып, бір жеңіл көлік пен автобус өртенді. Ғимарат та зақымдалған. Жалпы келген шығын көлемі 60 миллион теңге.

Ал тергеуде куәгерлерден жауап алынып, оқиғаға белсене қатысқандар анықталуда. Олардың арасында сол күндері осы жағдайға қатысты жалған ақпарат таратқандар да бар. Мәселен, ІІБ-ның астында 50-60 адамды ұстап отыр. Олардың туған-туыстары, балалары жылап, уайымдап күтіп отыр деген.

Жеңіс Үсен:

- "ІІБ-ның астында 50-60 адам жатыр" деген жалған ақпарат, өз кінәмді толық мойындаймын.

Жамал Құлмағамбетова, Жеңістің анасы:

- Полицияға кірген балалар тергеуден шығады, солар айтқан: "Ішінде адам көп, 40 шақты" деп. Сол жерде ұрып жатыр, соғып жатыр деп айтады. Сол себептен бала барады да, интернетке видеоны жіберіп қояды. 28-і күні қамады, содан бері баламнан хабарым жоқ.

Оқиғадан екі апта өткенде ғана басты күдіктінің пәтерін жақындары жинастырып жүр. Сұхбаттан ат-тонын ала қашты. Белгілісі, 62 жастағы тұрғынның әйелі, бөлек тұратын балалары мен немерелері бар екен. Сол күні оның әйелі саяжайға кетіп, күдікті үйде жалғыз қалған. Тергеу мәліметінше оған адам ұрлау және зорлау баптары бойынша айып тағылған. Ал зардап шеккен бүлдіршін үйінде ата-анасының қарауында.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: