Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда медициналық қызметкерге "экс-полицейлер" тап беріп, қолын ала жүгірген

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2020 18:43 видеодан алынды
Алайда медицина қызметкері құқық бұзушыларға қатысты ресми түрде арыз жазудан бас тартты, бұл оның оларды кешіргенін, қарсы шағымы жоқтығын білдіреді.

Алматыда белгісіз біреулер № 7-ші қалалық клиникалық аурухананың медициналық қызметкерлеріне тап беріп, қол жұмсаған, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл оқыс оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды.

"Көптеп бөлісулеріңізді сұраймын. бүгін, 18.08.2020 жылы түнгі сағат 02:00 шамасында Бағлан есімді бұрынғы тәртіп сақшысы қасындағы адамымен (өзін Наурызбай ауданының подполковнигі ретінде таныстырған, қасындағы қара жейдедегі - Базаров Данияр) №7 Қалқаман қалалық клиникалық ауруханасының медициналық қызметкеріне шабуылдады, - делінген almaty_kris_p парақшасында жарияланған видеода.

Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты түсінік берді.

"Бұл факт аумақтық бөлінісі бойынша Наурызбай ауданының полиция бөліміінде тіркелген. Видеодағы тұлғалар анықталып, қамауға алынды. Алайда медицина қызметкері құқық бұзушыларға қатысты ресми түрде арыз жазудан бас тартты, бұл оның оларды кешіргенін, қарсы шағымы жоқтығын білдіреді. Таяу уақытта бұл іс бойынша түпкілікті шешім қабылданады", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, айыпталушылардың бірі болған оқиға үшін кешірім сұрап, өзінің полиция қызметкері емес екенін және ешқашан полицияда жұмыс істегенін айтқан видеосы жарияланды.

"Құрметті халық, бүгін 7-ші қалалық ауруханада болған жағдай бойынша өздеріңізден кешірім сұраймын. Бұл түсінбеушіліктің салдарынан болды. Осыдан кейін бұл қайталанбайды деп ойлаймын. Кешірулеріңізді сұраймын. Мен полиция қызметкері болған емеспін және ешқашан полицияда жұмыс істемегенмін", - деді ол.


Тағы бір видеода медициналық қызметкер оны неге кешіргенін түсіндіреді:

"Мен оны кешірдім, өйткені ол өзінің кінәсін мойындап, кешірім сұрады. Менің ойымша, мұндай жайт медицина қызметкерлеріне қатысты қайталанбайды. Мен учаскелік полиция қызметкерлеріне ризашылығымды білдіремін", - дейді ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: