Желіде Алматыда арықтан табылған баланың видеосы пайда болды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2020 15:56 zakon.kz
Арықта жатқан баланың үстінде лыпа да болмаған.

Әлеуметтік желілерде кеше Алматыда арықтан табылған сәбиді құтқару кезінде түсірілген видео пайда болды, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР ІІМ ресми сайтының хабарлауынша, жаңа туылған нәресте түнгі бірде Алмалы ауданындағы Райымбек даңғылы бойындағы арықтан табылды. Баланы тауып алған адам оқиға орнына дереу жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерін шақырды.

Тастанды баланың салмағы - 3 келі, бойының ұзындығы - 52 см, ол Балалар жедел медициналық көмек көрсету орталығына жеткізілді. Ауруханаға түскенде баланың халі ауыр болды, гипотермияға байланысты, яғни қатты тонып қалған (дене температурасы - 34,5). Қазір оның жағдайы орташа, дене қызуы қалыпқа келді. Ол өздігінен еме алады, іс-қимылы ширақ.

Енді баланы екінші балалар ауруханасына ауыстыруға дайындап жатыр, сол жерден қосымша тексеруден өткен соң сәби балалар үйіне жіберіледі.

Қазір құқық қорғау органдары тастанды сәбидің анасын іздестіріп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: