Желіде жеделсаты ішінде оқыс жағдайға ұшыраған баланың видеосы пайда болды

Жеделсаты, оқыс оқиға, бала, арқан, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2023 20:48 Сурет: pixabay
Әлеуметтік желіде жеделсаты ішінде оқыс жағдайға ұшыраған баланы құтқару сәтінің видеосы тарауда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеодан үш баланың жеделсатыға кіріп бара жатқанын көруге болады. Ең соңғысы болып кішкентай бала кіреді. Оның мойнында арқан жіп болған, соның бір ұшы жабылған есік сыртында қалып кетеді. Жеделсаты төменге жылжығанда бала асулы күйде ауада салақтап қалады. Жасы ересектеу қыз бала шалт әрекет етіп, "Стоп" түймешесін басып үлгереді. Содан кейін баланы арқаннан босатып алады.  


Оқыс оқиғаның қай қалада болғаны белгісіз. 

Бұған дейін полицейлер Қазақстанда балаларды құтқару деректерімен бөліскен болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: