Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында полицейдің боқтық сөзді қарша боратқан сәтінің видеосы пайда болды

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2023 00:13 Сурет: видео скрині
Әлеуметтік желіде Түркістан облысындағы полиция қызметкерінің боқтық сөзді қарша боратып отырған сәтінің видеосы пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Полицей көлік жүргізушісін тоқтатқаннан соң әлдекімге ренжіген секілді.

"Сен сияқты маған айтады… Неге "звондатқызасың" сен? Мен толтыратынымды толтырып тастағанмын…", - дейді полиция қызметкері.

Бұл видеоға қатысты Түркістан облыстық полиция департаменті түсінік берді. Олардың хабарына қарағанда, бұл видеодағы жайт 2022 жылғы шілде айында болған екен. Сауран ауданы Шорнақ ауылындағы Ыбырай Алтынсарин көшесі бойында Ваз-21014 маркалы автокөлігінің жүргізушісі көлігінің екі бүйір терезесін күңгірттеп алып, рөлде ұялы телефон қолданған.


Мұны байқаған патрульдік полиция тобының инспекторлары көлікті тоқтатып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 5-бөлігі, 591-бабы 1-бөлігі және 612-бабы 1-бөлігімен әкімшілік хаттама түзіп, полиция бөліміне жеткізген. Осы кезде заң бұзушының ауылдасы, яғни, жедел уәкіл полицейге хабарласап, жүргізушіні жазадан босатуды өтінген.

"Аталған жайт сол жылы назарға алынып, Түркістан облысы полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді. Нәтижесінде жедел уәкіл сол жылы жұмыстан босатылды", - деп хабарлады полиция.

Ал қызметтік формамен боқтық сөз айтып отырған полицейдің үстінен қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: