"Nur Otan" партиясы Саяси кеңесінің Бюро отырысы өтті
Елбасы сайты
Елбасы өз сөзінде қазір праймеризге қоғам зор қызығушылық танытып отырғанын айтты.
"Nur Otan" партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Саяси кеңестің бюро отырысы өтті, деп хабарлайды "Хабар 24".
Жиында партия жұмысын қайта жандандыру мен партияішілік сайлау өткізу мәселесі талқыланды. Елбасы өз сөзінде қазір праймеризге қоғам зор қызығушылық танытып отырғанын айтты.
- Адамдар елдің қоғамдық және саяси дамуына белсенді қатысуға мүдделі. Біз партияны қайта жандандырудың дұрыс жолын таңдадық, - деді Елбасы.
Қордаланған мәселелерді шешу үшін ашық диалог алаңын қамтамасыз ету керектігін де атап өтті. Ал праймеризге қатысатындар жергілікті жерлердегі проблемаларды ашық айтып, оны шешу жолдарын ұсынуы керек. Елді дамыту үшін түрлі жобалар қолға алынды. Қыркүйекте жергілікті бағдарламалар бойынша 216 жоба жарияланады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript