18 наурызда Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің отырысы өтеді

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.02.2020 23:36 Ақорда
Онда партияның негізгі міндеттері талқыланады.

2020 жылы 18 наурызда Nur Otan саяси партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді. Бүгін Елбасы осындай Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Nur Otan саяси партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылдың 18 наурызда партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды. Онда 2020 жылға арналған партияның негізгі міндеттері талқыланады" делінген Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібайдың Твиттердегі жазбасында.

Елбасы бүгін Nur Otan саяси партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: