Жаңалықтар тізбегі
0

Жүк пойызына жармасқан Ресейдің 4 баласы Қазақстанға заңсыз кірді

Көліктегі полиция департаменті, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2020 16:46 Көліктегі полиция департаменті
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Көлік полицейлері ҚР Мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін РФ-ның кәмелетке толмаған 4 азаматын ұстады, деп хабарлайды zakon.kz Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ағымдағы жылдың 7 қыркүйегінде Петропавл станциясындағы полиция бөлімінің көші-қон қызметінің қызметкерлері "Транзит" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында 13-17 жас аралығындағы Ресей Федерациясының кәмелетке толмаған 4 азаматын анықтап, ұстады", - дедi Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеев.

Оның айтуынша, жасөспірімдер Ресей Федерациясының Омбы облысы аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына шекара бекеттерін айналып өтіп, көмір таситын жүк пойызының вагонында мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

"Ағымдағы жылдың басынан бері қабылданған шаралар нәтижесінде Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзу бойынша 12 қылмыс тіркелді, оның ішінде мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткені үшін 10, заңсыз көші-қонды ұйымдастырғаны үшін 2. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзған 345 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот қаулыларымен 74 шетелдік елден тыс шығарылды", - деп түйіндеді cөзін О. Бекеев.

Сонымен қатар, ол көлік полицейлерімен елiмiздiң теміржол вокзалдары мен әуежайларында шетелдіктерге құқықтық көмек (көші-қон заңнамасын бұзған жағдайда көшпелі тіркеу, шетелге шығу визаларын беру және форс-мажорлық жағдайларда) көрсетіліп жатқанын еске салды.

"Ағымдағы кезеңде шетел азаматтарына 59 шетелге шығу визасы және 180 шығу тіркеулері рәсімделіп берілді", - деп толықтырды полиция полковнигі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: