Жайылымда жүрген бұқаны атып алған екі азамат  сотталды

zakon.kz / Максим Золотухин, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2020 17:58 zakon.kz / Максим Золотухин
Азаматтар 3 жылға бас бостандығынан айырылып, УАЗ маркалы автокөлігі тәркіленді.

Ақтөбе және Атырау облысының екі тұрғыны еркін жайылымнан жергілікті тұрғынға тиесілі бұқаны қасақана пайдакүнемдік мақсатта өздерінің аңшылық мылтығымен атып алып, УАЗ маркалы автокөлігіне тиеген, деп хабарлайды zakon.kz.

Байғанин ауданы ПБ-мен ұйымдастырылған жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде екі азамат ұсталып, ҚР ҚК 188-1 бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша күдікті ретінде танылып, қамауға алынды.

Күдіктілерге қатысты сот үкімі шығып аталған азаматтар 3 жылға бас бостандығынан айырылып, УАЗ маркалы автокөлігі тәркіленді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: