Қостанай облысында үй өртеніп, 7 жасар бала қаза тапты
Қостанай облыстық ТЖҚ
Күйік шалған баланың апасы ауруханаға шұғыл жеткізілді.
Қостанай облысында үй өртеніп, 7 жасар бала қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.
16 қыркүйекте таңғы сағат 7: 05-те N16 өрт сөндіру бекетіне Б.Майлин ауданындағы Береговой көшесінде өрт болып жатқандығы туралы хабарлама келіп түсті. Молодежныйдағы екі пәтерлі бір қабатты тұрғын үй өртеніп жатқаны айтылған. №16 өрт сөндіру қызметі шұғыл оқиға орнына сағат 07: 06-да жөнелтілді, сондай-ақ іле-шала Рудный қаласындағы өрт сөндіру қызметі де қосымша аяғынан тік тұрғызылды, деп хабарлайды облыстың ТЖД.
Алғашқы экипаж шақырылған жерге сағат 07.43-те келген кезде өрт бірінші пәтерді бүтіндей жалмап, келесі қосарлас пәтердің шатырына тиіп үлгерген.
Газ-түтінен қорғау қызметі қызметкерлері өртенген бірінші пәтердің орнын қарау кезінде пәтер иесінің немересі, 2013 жылы туылған баланың өртенген мәйітін тапты. Баланың 1959 жылғы әжесін оңдырмай күйік шалған, ол Рудный қаласындағы ауруханаға жеткізілді, дәрігерлер әйелдің жағдайын ауыр деп бағалайды. Өрттің шығу себептерін анықтау үшін Департаменттің сынақтан өткізілген өрт зертханаларының қызметкерлері сол жерде жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлады департаменттегілер.
Өрт сағат 08: 17-де оқшауланып, 09: 50-де толығымен сөндірілді. Өрттің ауданы 100 шаршы метрді құрады. Өртті жоюға Қостанай облысы ТЖД жеке құрамының 9 жеке құрамы мен 2 бірлік өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript