Индонезияда жанартау атқылап, 13 адам қаза тапты
Индонезиядағы Ява аралының шығысында Семеру жанартауы атқылап, 13 адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ява аралындағы ең биік тау Семеру жанартауы 4 желтоқсанда күндіз жергілікті уақыт бойынша сағат 15.00-де атқылады (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 14.00). Атқылаған жанартау атмосфераға үлкен мөлшерде күл-қоқыс лақтырды, жерге отты лава ағып, таудың тастары да бүлініп, төменге домалады, атқылау кезінде ауада күлден бұлттар тұрып, оттан "жауын" жауды.
Бүгін тағы 12 адамның денесі табылды. Құтқарушылар іздеу жұмыстарын әлі де жалғастыруда. Лумажанг округі үкімет басшысының орынбасары Инда Ампервати
4 желтоқсанда бір жергілікті тұрғынның қайтыс болғаны расталған еді. Күйік шалған бірнеше ондаған адам ауруханаларға жеткізілді.
— Babah Isam. (@catedoss) December 5, 2021Kepolisian Republik Indonesia polres Lumajang sangat responsif terkait musibah erupsi Gunung Semeru yang berdampak kepada masyarakat di sekitarnya.#PrayForLumajangpic.twitter.com/4PsBYcT1qR