Индонезияда жанартау атқылап, салдарынан 11 турист қаза тапты
The Guardian басылымының 4 желтоқсан күні жазуынша, Мерапи жанартауы жексенбі, 3 желтоқсанда атқылай бастады. Бұл кезде оның маңында 75-ке жуық турист пен альпинист болған, олар сенбі күні 2910 метрлік шыңға көтерілуді жоспарлаған. Жанартау атқылауынан кейін құтқарушылар қаза тапқан 11 адамның мәйітін тапты, тағы 12 адамнан әлі хабар-ошар жоқ.
Үш турист аман табылды. Дүйсенбі күні таңертең жанартау баурайынан 49 адам эвакуацияланды, олардың көбі жарақат алған. Эвакуацияланғандардың ішінде сегіз адам күйікпен, ал тағы біреуі сынықпен ауруханаға жеткізілді.
Бір дереккөздердің бірінің мәліметінше, жоғалғандар саны 22 адамға жетуі мүмкін. Іздеу жұмыстары уақытша тоқтатылды. Өйткені қазір Мерапиге жақындау қауіпті болып тұр, өйткені 4 желтоқсанда жанартау қайтадан атқылай бастады.