Жаңалықтар тізбегі
0

Семейде пәтер жөндеуге жалданған әйел үйді тонап кетті

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2020 22:29 pixabay.com
Жөндеу де, ақша да жоқ.

Семей қалалық Полиция басқармасы Затон полиция бөліміне ұрлық туралы арыз түскен, деп хабарлайды zakon.kz ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жәбірленушінің айтуы бойынша, 35 квартал көшесінде орналасқан үйлердің біріндегі пәтеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін "Ирина" есімді таныс әйелді жалдаған.

44 жастағы әйел өзінің танысына сеніп, пәтердің кілтін беріп, сағат 9.00- дан 12.00 аралығында өзінің жеке шаруаларымен шығып кеткен. Пәтеріне қайта оралған жәбірленуші жөндеу жұмыстарымен айналысып жүрген жалдамалы жұмысшының пәтердің есігін жауып кетіп қалғанын көрген. Сонымен қатар, 10 000 теңгенің құрылыс материалдарының жоғын аңғарған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері "ізін суытпай" 47 жастағы қаскүнемді анықтап, полиция бөліміне жеткізген. Ол жасаған қылмысын толығымен мойындап ұрланған заттарды сатып, қаражатты өз пайдасына жұмсап қойғанын айтқан.

Осы факті ҚР ҚК 188 бабы 1 бөлігі "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіліміне енгізіліп, қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: