Дәрі-дәрмектерді сараптау ұлттық орталығы директорының аяғына "тұсау-браслет" тағылды

inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2020 22:43 inform.kz
Бұл туралы елордалық сыбайлас жемқорлыққа қызмет департаменті хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті Дәрі-дәрмектерді сараптау ұлттық орталығының директоры Ерік Байжүнісовке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің "Дәрі-дәрмектерді сараптау ұлттық орталығы" РМК-нің бас директоры Е.Байжүнісовке қатысты бірнеше мәрте пара алу күдігіне байланысты "үйқамаққа алу" түрінде профилактикалық шара таңдалып, жаңа технология - электронды бақылау құралы (браслет) қолданылды, - делінген ресми сауалға елорданың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің берген жауабында.

Қазіргі уақытта істің мән-жайларын анықтау үшін жан-жақты, толыққанды және объективті бағытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Басқа ақпараттар тергеу мүддесіне сай жария етілмейтіні де айтылды. Істің соңғы шешімін сот шығарады.

Ерік Байжүнісов Дәрі-дәрмектерді сараптау ұлттық орталығын 2020 жылдың 4 тамызынан бастап басқарады.

21 қыркүйекте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлық күдігіне ілінгені үшін электронды қадағалау құралдары - "тұсау браслеттерді" тағу тәжірибесі енгізілгенін хабарлады. Ол бұлтартпау шаралары таңдалған тұлғаға тағылатыны да айтылды. Биылғы жылдың 17 қыркүйегінде бұл тәжірибе алғаш рет Қарағандыда қолданылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: