Жаңалықтар тізбегі
0

6,5 млрд теңгеге ауыз салған Матрезерв комитетінің экс-басшысы мен 21 адам сотталды

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.02.2021 16:30 Pixabay
Бұл шенеуніктер мемлекеттік қызметте өмір бойы лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылады, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің қызметкерлері сеніп тапсырылған мүлікті жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұған дейін Мемлекеттік материалдық резервтері комитеті (ММРК) филиалдарының лауазымды тұлғаларына және азық-түлік жеткізушілерге қатысты сеніп тапсырылған мүлікті, әсіресе, 6,5 млрд.теңге көлемінде жымқыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады ( 22 адам).

1 ақпанда Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен 21 адам бас бостандығынан айыру және бір адам бостандығын шектеу түріндегі жазаға кесілді.

ММРК-нің экс-төрағасы Иманалиев Президентке мемлекеттік наградалары - "Құрмет" орденінен, "Қазақстан Конституциясына 10 жыл", "Астанаға 10 жыл", "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл", "Қазақстан Конституциясына 20 жыл" медалдарынан айыру туралы ұсыныспен қатар, 8 жылға бас бостандығынан айырылды (үйқамақ түріндегі шара үкім заңды күшіне енгенге дейін сақталды, үкім заңды күшіне енгеннен кейін ол қамауға алынады);

ММРК-нің Мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы Макашев 8 жылға бас бостандығынан айырылды;

"Резерв" - "Высота" РМК филиалының директоры Жақанов пен бөлім бастығы Родин, сонымен қатар "Резерв" - "Сигнал" РМК филиалының директоры Галиев 8 жылға сотталды;

Бұл шенеуніктер мемлекеттік қызметте өмір бойы лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылады, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

"Резерв" - "Высота" РМК филиалы директорының орынбасары Құсайыновқа 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды;

Азық-түлік жеткізушілер - Адамов, Дроздецкая, Тартуманов, Рашитов, Сабазов А., Сабазов О., Абдукаримов, Бакаев, Габдуллин, Садай, Исаев, Қожанов Б., Қожанов Д., Қанатхан, Мұстафинов, Оспанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: