Алматыда жол апаты көбіне жұма күні жиі болады
Қалалық полиция Алматыда жол апаттарының көпшілігі жұма, сәрсенбі және дүйсенбі күндері орын алатынын айтады, деп хабарлайды zakon.kz.
Биылғы жылдың 8 айында ғана қалада жарақат алған адамдармен болған жол-көлік оқиғаларының саны 40,1% -ға азайды. Кісі өлімі де төмендеп, 42,3% және жарақат алғандар саны 41,6% құрады, - деді Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев.
Жыл басынан бері 56 адам апат салдарынан қайтыс болды. Оның ішінде 21 жүргізуші, 9 жолаушы, 25 жаяу жүргінші, 1 велосипедші. Апаттың басты себебі: маневр жасау ережелерін бұзу, қозғалыс жылдамдығын бұзу, жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзу болған.
Апаттардың түрлері бойынша ең көп тіркелген фактілер:
- жаяу жүргіншіні қағу - 767, (жүргізушінің кінәсінен - 631, жаяу жүргіншінің кінәсінен - 8), қаза тапқандар саны - 24, жарақат алғандар - 770;
- бүйірден келіп соғу - 364, қаза тапқанжар - 7, жарақат алғандар - 479;
- жолай, сырып кету - 304, қаза тапқандар - 9, жарақат алғандар - 420;
- жолаушылардың көлік астына өзі түсуі - 173, қаза тапқандар - 0, жарақат алғандар - 179;
- кедергіні елемеу - 101, кісі өлімі - 9, жарақат алу - 125.
Жол-көлік оқиғаларының көбісі таңғы 6-дан түнгі 10 аралағында болады. Жыл басынан бері қалада барлығы 1481 жол-көлік оқиғасы тіркелді, 34 адам қайтыс болды, 1677 адам жарақат алды. Түнгі сағат 10-дан таңғы 6-ға дейін 357 жазатайым оқиға орын алып, 22 адам қайтыс болды, 453 адам жарақат алды.
Жол апаттары көбіне жұма, сәрсенбі және дүйсенбі күндері жиі орын алады.
Балалардың қатысуымен жол-көлік оқиғалары 50,2% -ға азайған.