Жаңалықтар тізбегі
0

Темір көлікті тесіп өткен. Жантүршігерлік жол апатынан алматылық бойжеткен көз жұмды

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2020 18:46 Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Алдын ала болжам бойынша, көліктің алдыңғы сол жақ доңғалағының желі азаюына байланысты жүргізуші рөлді басқара алмай, үлкен трассаны ортасынан бөліп тұрған темір жақтауға соғылған.

Алматы облысының полиция департаменті көлікті темір тесіп өткен жол-көлік оқиғасының егжей-тегжейіне қатысты мәлімет жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты 4 қазанда сағат 16.00 шамасында Алматы-Өскемен тас жолының 209-шы шақырымында болған.

- Оқиға орнына келіп жеткен жедел-тергеу тобы Алматы қаласының 24 жастағы тұрғыны К. өзінің Kia rio автокөлігімен Алматы-Өскемен тас жолының солтүстік бағытының 209 шақырымын еңсеріп, Қызылтоған ауылының маңында келгенде жол апатына ұшырағанын анықтады. Алдын ала болжам бойынша, көліктің алдыңғы сол жақ доңғалағының желі азаюына байланысты жүргізуші рөлді басқара алмай, үлкен трассаны ортасынан бөліп тұрған темір жақтауға соғылған. Темір жақтау сынып, оның бір ұшы көліктің алдына кіріп, артын тесіп шыққан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші К. оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлады полициядағылар.

Қазіргі уақытта бұл фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, апаттың барлық себептерін анықтау үшін тиісті сараптамалар тағайындалды.

Алматы облысының полиция басқармасы жол қозғалысының барлық қатысушыларынан жол ережелерін қатаң сақтауды, жолдарда барынша сақ болуды сұрайды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2020 18:46, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2020 18:46

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: