Жаңалықтар тізбегі
0

Лотерея ойнатқан Ернар Айдар елдің ақшасын неге қайтара алмайтынын түсіндірді

Instagram, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2020 23:46 Instagram
Өнер адамы алаяқтық ісіне куәгер ретінде тартылған.

Ернар Айдар жалған жарнамаға ақша салып, алаяқтарға алданып қалған адамдардың өнер адамдарынан ақшасын неге талап етпеу керектігін түсіндірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды.

"Құрметті лотерея ойынына қатысып алданып қалған ағайын. Мен сіздерді жақсы түсінемін, сіздер маған сеніп лоторея билетін сатып алдыңыздар (ол үшін басымды иіп кешірім сұраймын), Дәл сіздердей мен де ойын ұйымдастырушыларына сеніп алданып отырмын. Алла бәрін көріп тұр ғой, осы ойынға қатысты менде титтей де болсын арам ой болған емес, сол себепті маған да түсіністікпен қарауларыңызды өтініп сұраймын. Қазірде @der_almaty (Алматы Қаласы Бойынша Экономикалық Тергеу Департаментінде) тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Мен ешқайда қашып жүрген жоқпын. Сол тергеу жұмыстарына куәгер ретінде бар шындықты айтып, тергеудің аяқталуын күтіп жүрмін. Құрметті ағайын сіздер сатып алған билеттің ақшасына келер болсақ, ол ақшаның бір теңгесі де менде емес, сіздерге билетті сатып ақшасын алған сол ойынның ұйымдастырушылары Оспанов Азат, Темірбек Ернар, қазірде осы ұйымдастырушыларға тергеу жұмыстары жүріп жатыр, яғни сіздердің ақшаларыңыз сол ұйымдастырушыларда. Мен тек жарнама жасадым: ол үшін қатты өкінемін, сіздерден шын жүрегіммен басымды иіп кешірім сұраймын. "Жарнама үшін алған ақшаңды халыққа бермейсің ба? Қайрымдылыққа көмектеспейсіңба?" деп сұрап жатқан ағайынға айтарым. - Дәл осы жарнама жасап, алған ақшамның атынан мен өздігімше ештеңе істей алмаймын, барлығын заң шешеді. Тергеу бітіп, сот қалай шешім қабылдайды солай болады. Заң жүзінде жарнама үшін алған ақшаңды қайтар десе қайтаруға дайынмын. Заң жүзінде жарнама үшін алған ақша өзіңде қалады деп шешім қабылдаса, онда Алла қаласа, Алла разылығы үшін мен ол ақшаны қайрымдылыққа жұмсауға да дайынмын. (Алайда, алдын да, қазіргі таңда да өзімнің атымнан, отбасымның атынан, жасырын да, жария да Алла разылығы үшін, қолдан келгенше қайрымдылық жасап жүрміз). Ақ-қарасын білмей, маған қарғыс айтып, жаман сөздер айтып жатқан ағайын: "Жүйелі қарғыс жүйесін табады, жүйесіз қарғыс иесін табады". Ия мен сүріндім. Мүмкін сіздер адамзаттың ешқашан сүрінбейтін түрінен шығарсыздар! Менде өстіп-өстіп өмір сүруді бір күндері үйренермін. Уақыт төреші. Мен сіздерге тек қана жақсылық тілеймін! Тергеудің аяқталуын күтейік!", делінген жазбада.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: