"АҚШ-қа виза алып беремін". Алматыда алаяқтық күдігімен кинопродюсер ұсталды
Сурет: polisia.kz
Күдікті өзін табысты өнер адамы, продюсер, сценарист ретінде көрсеткен. Өзін Instagram парақшасындағы 90 мың аудиторияға осылай таныстырған ер адамды полицейлер алаяқтық күдігімен ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция 31 жастағы азамат алматылықтарға АҚШ-қа виза алып беруге уәде еткенін нақтылайды.
Instagram парақшасындағы 90 мың аудиторияға 31 жастағы К. есімді азамат көркемдік қызметімен қатар, АҚШ-қа виза “рәсімдеумен” айналысатынын жеткізген.
Алдын ала мәліметке сүйенсек, ол әлеуетті тұтынушылардан алдын ала төлем алып, кейін байланысқа шығуын тоқтатқан.
"Полицияға арызбен 9 адам жүгінген. Олар ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен тіркеліп, бір өндіріске біріктірілді", – деді Әуезов аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімі бастығының орынбасары Тимур Мулинов.
Полиция қызметкерлері алданған адамдардың көбірек болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Тергеушілер ықтимал басқа эпизодтарды анықтаумен айналысуда. ҚР Конституциясының талаптарына және ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес қылмыстық іс бойынша өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды."
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript