"Видеоңды желіге саламын". Алматыда полицияны бопсалаған блогер қамауға алынды

Полиция, блогер, ақша бопсалау, Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.12.2024 13:13 Сурет: Zakon.kz
Алматыда бопсалау күдігімен өзін блогер ретінде таныстырған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі 37 жастағы қазақстандық жәбірленушіден 700 мың теңге талап еткенін, болмаса өзі түсірген видеоны әлеуметтік желіге салатынын айтып, оны қорқытқанын нақтылайды.

"Күдікті 6 желтоқсанда кешке қолма-қол ақша алу кезінде ұсталды. Арнайы операцияға ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес, сондай-ақ өзіндік қауіпсіздігі басқармасы қызметкерлері қатысты", - деді полициядағылар.

Күдіктінің жанында, яғни көлік ішінде тағы екі күдікті болған. Блогердің көмекшілері қылмысқа қатысқан деп көрсетіледі. Олардың іс-әрекеттеріне алда құқықтық баға беріледі. Блогер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұған дейін Алматыда сөмке ішінен бүктеулі күйі табылған әйелдің өліміне қатысты тың дерек жарияланғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: