Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылордада жер үшін таласқандар оқ атты

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2020 17:14 видеодан кадр
Бұл жанжал көктемде басталған.

Қызылорда облысында кәсіпкер мен тұрғындар арасында дау шығып, арты қайғылы аяқтала жаздады. Бір-біріне қару кезеніп, жұдырық ала жүгірген қос тараптың әрекетін куәгерлер камераға түсіріп алыпты. Қолына автомат ұстаған күзетшілер мен оларға қарсы ұмтылған жандардың балағат сөздер айтып, тіпті кейбіреуі комбайнның алдына шығып алғанын көруге болады, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Бұл кадрларға қарап, атыс-шабыс фильмінің түсірілімі дерсіз. Бірақ бұл Қызылорда облысының Сырдария ауданына қарасты Тоқмағамбетов атындағы ауылда болған оқиға!

Бұл жанжал көктемде басталған. Мемлекетттен 49 жылға жалға алған жердің 105 гектарына күріш еккен шаруа қожалығына демеуші болған жеке кәсіпкер дәнді дақылды жинауға келгенде табысты ешкіммен бөліспеуді жөн көріпті. Ол миллиондап ақша құйған істен түскен қаражатты тек өзім иемденуім керек деп шешкен. Бұған шамданған тұрғындар комбайнның алдына жатып, жылқымен техниканың жолын бөгеді.

Біз осы елдімекен қарайтын Сырдария ауданы әкімдігіне хабарласқан едік. Белгілі болғандай, бұл дауға өңір әкімі Гүлшара Әбдіхалықованың өзі араласыпты. Қос тарап арасындағы мәселе бейбіт шешіліп, демеуші кәсіпкер шаруа қожалығына күрішті жинап алуға өз келісімін берген.

Бақытжан Лекеров, Сырдария ауданы әкімінің орынбасары:

"Сол ауылдың тыныштығы, сол ауылдың саяи ахуалын сақтау мақсатында бір кәсіпкер екінші кәсіпкерге егінді жинап алуға келісімін берген болатын. Бүгінгі күні егін жинау жұмыстары жүріп жатыр. Осы 2-3 күнде егін толық жиналып болады".

Әзірге оқыс жайттан қанша адамның жараланғаны және нақты кімнің қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны белгісіз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: