Түркістан облысында 9 мың теңге пара алған сот сотталды

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2020 23:20 Pixabay
Сот Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің инспекторынан пара алды деген күдікке ілінген.

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында мамандандырылған сотта пара алған сот 3 жылға сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ерекше маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

- 2020 жылы 14 қазанда Сарыағаш аудандық соты Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Сәрсембаевқа 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Ол Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің инспекторынан әкімшілік хаттама толтыру кезінде анықталған заңбұзушылық бойынша жекелей қаулы шығармас үшін 9 мың теңге көлемінде пара алды деп күдікке ілінген, - деді Биғайдаров.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: