Әблязовтің сыбайласы Асылмұрат Грузиядан Алматыға экстрадицияланды

Светлана Маковеева/kp.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2020 17:50 Светлана Маковеева/kp.kz
Ол Грузияда Қырғыз Республикасы азаматының жалған төлқұжатымен жүрген.

Мұхтар Әблязовтің сыбайласы Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

29 қазанда Бас прокуратураның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері ҰҚК-нің көмегімен Грузиядан банктің бұрынғы басқарма мүшесі - "БТА Банкі" АҚ басқарушы директоры болған Асылмұрат Рамазановты экстрадициялады.

- Ол Мұхтар Әблязовтің ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастық мүшелерімен бірлесіп жасалған "БТА банктің" 249 миллиард теңгеден астам активтерін ұрлағаны үшін іздеуде болған. Рамазанов қылмыстық жауапкершіліктен жалтарып, Грузия аумағына жасырынып, Қырғыз Республикасы азаматының жалған төлқұжатын қолданған. Алайда, қазақстандық құқық қорғау органдарының грузиндік әріптестерімен үйлесімді жұмысының арқасында оны Грузия ішкі істер министрлігі ұстады, - деді Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы.

Қазір Рамазанов Алматыдағы тергеу абақтысына қамалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: