Жалған ақша жасағаны үшін Қазақстан азаматы Грузиядан экстрадицияланды

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2025 14:24 Фото: Zakon.kz
Бас прокуратура мен Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері, ҚР Грузиядағы Елшілігінің көмегімен Қазақстанның Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізе отырып, жалған банкноттарды сақтағаны және өткізгені үшін Қазақстан азаматын Грузиядан экстрадициялады.

Ол 2024 жылы Түркия Республикасынан жалған банкноттарды әкеліп, Қазақстан аумағында өткізгендеген күдікке ілінген.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған. Осы жылдың мамырында ол Грузия аумағында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша отанына экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеп, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Еске сала кетейік, бұған дейін Бас прокуратура ұқсас қылмысты жасағаны үшін Швециядан Қазақстан азаматшасын экстрадициялап, қазіргі таңда ол сотталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: