Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған қазақстандық Бакуден Алматыға экстрадицияланды

Бас прокуратураның мәліметінше, әйел адам тобының құрамында 2023 жылы Алматыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, осы әрекеті үшін аса ірі көлемде пайда тапқан деген күдікке ілінген., сурет - Zakon.kz жаңалық 20.03.2025 09:25 Сурет: ҚР Бас прокуратурасы
Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Елшілігінің көмегімен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған Қазақстан азаматын Әзірбайжаннан экстрадициялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған тұлға 2023 жылы Алматы қаласында адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, сол үшін аса ірі көлемде пайда тапты деген күдікке ілінген.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздестіру жарияланды.

Ағымдағы жылдың қаңтарында ол Баку қаласында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша отанына экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, төрт жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: