Үш жыл бұрын жоғалған адамның мәйіті құдықтан табылды

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2020 21:51 видеодан кадр
Кәріз құдығындағы сұмдық!

Қостанайда жеке үйдің септигінен үш жыл бұрын жоғалып кеткен адамның мәйіті табылды. Қаңқаға айналған мүрдені ерлі-зайыптылар анықтапты. Оқиға орнына жеткен полицейлер марқұмның кім екенін анықтауға бірден кіріскен, деп хабарлайды zakon.kz.

Нәтижесінде дененің 2017 жылдың қарашасынан бері хабар-ошарсыз кеткен 32 жастағы қала тұрғынына тиесілі екен. Мәйіттегі киім қалдықтары жоғалған жанның барлық сипаттамасына сай келген. Оны марқұмның туыстары да растады.

Ер адам наркологиялық диспансерде есепте тұрған және ішімдікке әуес болыпты.

Анықталғандай, аталмыш баспана үш жыл бұрын өртеніп, кейін жалдамалы жұмысшылар үйді жөндеген. Енді олар адам өлтірді деген күдікпен қамауға алынды. Сезіктілердің біреуі қылмыс жасалған жерді көрсетті. Қазір тергеу жұмыстары жалғасуда. Төрт бірдей сараптама тағайындалған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: