Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда жылу желісінен ақау шығып, бірқатар тұрғын-үй кешені жылусыз қалды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2020 23:52 zakon.kz
Атап айтқанда, Алмалы ауданындағы тұрғын-үйлер.

Алматы қаласының Алмалы ауданындағы жылу желісінен шыққан ақауға байланысты жылусыз қаған бірқатар ғимараттарға түн ортасына қарай жылу берілуі мүмкін. Бұл туралы Алматы қалалық жылумен қамсыздандыру мекемесі ақпарат таратты, деп хабарлайды zakon.kz.

Компания жылусыз және ыстық сусыз қалған Айманов-Жандосов-Розыбакиев-Солодовников көшелерінің аумағындағы бірқатар тұрғын-үйлер мен басқа ғимарат тұрғындарына түнгі 12-ге дейін мәселені шешуге уәде берді.

- Алдын ала мәліметтер бойынша, жылу бөлу қондырғысында қысым реттегіш істен шығуына байланысты жылумен жабдықтау жүйесінің жергілікті учаскелерінің бірінде ақау пайда болған. Жылу жүйесіндегі ақаудан туындаған жайтқа байланысты пәтер иелеріне келтірілген материалдық залал заңмен белгіленген көлемде сақтандыру компаниясы арқылы толығымен өтелетін болады, - деді құзырлы мекеме.

Апатты қалпына келтіру жұмыстарына Адматы қалалық жылумен қамсыздандыру компаниясының 50 қызметкері және мамандандырылған техниканың 10 бірлігі жұмылдырылған.

- Тұтынушыларға жылу беру кезең-кезеңімен жүзеге асырылады, себебі ақау біртіндеп жойылады. Жылудан уақытша ажырату тұрғын үйлердің және басқа объектілердің ішіндегі температура режиміне әсер етпейді, - дейді олар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: