Отағасы үйге оралғанда куә болған жайт. Павлодарда пәтерден анасы мен үш бала өлі табылды
pavlodarnews.kz
Ерлі-зайыптылар бірге тұрады, балалары өздерінікі - ортақ некеден. Пәтер іші шашылмаған. Полицияны ер адам - отағасы шақырған.
Павлодарда пәтерден үш бала мен анасының денесі табылды. Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды zakon.kz Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
- 9 қараша күні сағат 12.00-де полицияға ер адамнан Айманов көшесі, 2 үй мекенжайы бойынша орналасқан үйдегі пәтерден төрт адамның денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы пәтер иесі үйге оралғаннан кейін есікті аша алмағанын анықтады, өйткені есік ішкі жағынан жабылған. Көршілерден сайман алып, есікті бұзып ашқан, - дейді облыстық ПД баспасөз қызметінде.
Пәтерге кірген кезде бөлмелердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар жұбайының және үш баланың (2013, 2015 және 2017 жылдары туған) денесіне тап болған.
Ерлі-зайыптылар бірге тұрады, балалары өздерінікі - ортақ некеден. Пәтер іші шашылмаған. Полицияны ер адам - отағасы шақырған.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды.Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.
Аталған үйдегі тұрғынның айтуынша, көршілер болған оқиғадан шошып қалған.
- Олар осы жақтан емес. Үш баласы болды. Әйел жас, сүйкімді еді. Ол балаларын Ертіске апаратын, қорғап жүретін. Балалар әрқашан таза, ұқыпты киінген. Олар туралы жаман ештеңе айта алмаймын. Біз барлығымыз есеңгіреп қалдық, - дейді ол.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript