Балқашта бір ғимарат опырылып, ортасына түсті

ҚР ТЖМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.11.2020 23:45 ҚР ТЖМ
Көлік жөндеу шеберханасының төрт жұмысшысы зардап шекті, одан бөлек үш көлік бүлінді.

Балқашта қараусыз қалған ғимарат опырылып, ортасына түсті, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ТЖМ-ға сілтеме жасап.

Шамамен 360 шаршы метрді құрайтын қабырға құлады.

- Опырылу кезінде ұшқан кірпіш сынықтарынан ескі ғимаратқа іргелес орналасқан көлік жөндеу бекетінде болған төрт адам түрлі дене жарақаттарын алды, - деді Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.11.2020 23:45, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.11.2020 23:45
Сонымен қатар, жақын орналасқан көлік жөндеу шеберханасының шатыры, қабырғасы, терезе саңылаулары, құрал-жабдықтармен бірге үш автокөлік бүлінді.

Төрт ер адам - ​​көлік жөндеу шеберханасының жұмысшылары дәрігерлердің тексерулерінен кейін үйлеріне жіберілді.

Қазір оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: