Қарағанды облысында 6 жасар қызды иттер талап тастады

Қыз бала есік алдында ата-анасының қарауынсыз жүрген.
15 қараша күні сағат 17.00 шамасында Сәтбаев қаласының полиция бөліміне жедел жәрдем дәрігерлерінен қаланың саяжай қауымдастығының бірінде жануарлардың тісінің ізі бар 6 жасар қыз баланың өлімін тіркегені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды zakon.kz.
Тергеу-жедел тобы бірден оқиға орнына жетті.
Тәртіп сақшылары жәбірленуші қыздың ата-анасымен саяжай қауымдастығына қарасты үйлердің бірінде тұрғанын анықтады. Ересектердің қарауынсыз болған қыз иттердің қоршауында қалған.
- Қайғылы факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Мән-жайлар тексеріліп жатыр. Полиция ата-ананы жауапкершілікке тарту мәселесін шешуде. Иттерді аулау бойынша тиісті ветеринариялық қызметтерге бұйрық жіберілді, деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript