Жаңалықтар тізбегі
0

Пандемия кезіндегі тағы бір қауесет. Енді мектеппен байланыстырып шығарыпты

Depositphotos, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.11.2020 16:31 Depositphotos
Мектепте дизенфекция балалардың тыныс алу жолдарын күйдіреді-мыс деген.

Желіде бірнеше әйел What’sApp арқылы алмасқан хаттың видеосы тарауда. Онда олар мектепке барған соң балаларда қатты жөтел пайда болғанын, бұған жоғарғы тыныс алу жолдарының химиялық күйік шалуы себеп деп көрсетілген, деп хабарлайды zakon.kz.

stopfake.kz cайты бұл ақпараттың бұрыс екенін дәлелдей отырып, ата-аналарды сабырға шақырады.

Біріншіден, Қазақстанда мектептерді, ауруханаларды, адамдар көп жиналатын орындарды және өзге де орындарды дезинфекциялау үшін уытты және денсаулыққа қауіпті заттар пайдаланылмайды. Бұл туралы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті бірнеше рет мәлім еткен болатын.

Елімізде қолданылатын барлық құралдар сертификатталған, тізілімге енгізілген және санитарлық өңдеуге арналған ерітінділерді дайындау пропорциялары көрсетілген нақты нұсқаулары бар.

Екіншіден, тыныс алу жолдарының күйіп қалу белгілері құрғақ жөтелге қарағанда әлдеқайда ауыр. Жоғарғы тыныс алу жолдарының химиялық күйігі, әдетте, обструкцияға әкелетін тез ісінумен қатар жүреді. Бұл ретте зардап шеккендер жедел кеңірдек интубациясына мұқтаж болады.

Сондай-ақ, еріннің күлбіреуі, мұрын мен беттегі түктің күюі де тыныс алу жолдарын химиялық күйік шалудың белгілері болуы мүмкін. Төменгі тыныс алу жолдарын күйік шалса, бірден тыныс алу жеткіліксіздігі, жөтел және қанмен түкіру сияқты белгілер пайда болады болады. Сонымен қатар, иіс тиіп немесе басқа газдан уланудың алғашқы белгілері байқалады.

Үшіншіден, видеода әйелдердің бірі ұлында "химиялық күйік" белгілерін жеңілдеткен "Зодак" препаратын атап өтеді. Шын мәнінде, бұл препарат химиялық немесе термиялық күйіктері бар науқастардың ауырсынуын жеңілдете алмайды.

Ол антигистаминдер тобына жатады және аллергиялық ринит, конъюнктивит және идиопатиялық есекжем белгілерін тоқтату үшін қолданылады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: