Пара алды деп айыпталған Еңбек министрінің ағасын тағы екі қылмыс бойынша соттап жатыр
Тараз қаласының No2 сотында ҚР Еңбек министрінің ағасы Тимуржан Нұрымбетов бастаған бір топ адамға қатысты сот процесі өтіп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.
Тимуржан Нұрымбетов Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-баптың 3-бөлігінің 3-тармағы (ірі мөлшерде пара алу), 366-баптың, 3-бөлімнің 3,4-тармағы (ірі мөлшерде бірнеше рет пара алу), 24-бап, 3- тармағы - 366-баптың 3-бөлімінің, 4-тармағы (пара алуға әрекеттену), 218-баптың 3-бөлігі 1-тармағы (қылмыстық жолмен алынған ақша мен басқа мүлікті заңдастыру (жылыстату) бойынша сотқа табысталды.
Сот отырыстарының бірінде судья Дауылбаев бұл қылмыстық істі Нұрымбетовке қатысты басқа істермен біріктіру туралы шешім шығарды. Ал алдындағы қылмыстық іс бойынша тергеу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі, 2-тармағы (алаяқтық), 361-баптың, 4-бөлігі, 3-тармағы (қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану) бойынша жүргізілді.
Жамбыл облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының экс-басшысы Нұрымбетовтен басқа тағы төрт адам сотқа тартылған.
Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің бұрынғы бастығы, алаяқтық, парақорлыққа делдалдық жасағаны үшін айыпталған Нұрзипа Романова, "Асыл-Терек" мүгедектерге арналған үкіметтік емес ұйымының жетекшісі Ғалымжан Сарымсақов және облыс әкімдігінің мемлекеттік құпияларды қорғау департаментінің ардагерлер мен мүгедектер бөлімінің басшысы алаяқтық және пара беруге делдалдық жасағаны үшін де сотталады, "Қамқор Күш" мүгедектер қоғамының өкілі Қанат Мұстафа пара берді деп айыпталды.
Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары Тимуржан Нұрымбетовке 9 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінгені туралы хабарлаған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің ағасы Жамбыл облысы әкімдігінде 15 жылдай түрлі қызметтерде жұмыс істеген. Ал 2019 жылы ол осы облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болды. Тергеу кезінде ол қызметінен босатылды.