"Пара алды" деп күдікке ілінген Еңбек министрінің ағасы жұмыстан босатылды

Time.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2020 18:35 Time.kz
Оның жұмыстан кеткеніне екі ай болған.

Үстінен пара алу күдігі бойынша тергеу амалдары жүріп жатқан ҚР Еңбек министрінің ағасыТимуржан Нұрымбетов Жамбыл облыстық әкімдігінің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметінен кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Тимуржан Нұрымбетовтің қызметінен кеткеніне екі айдай уақыт болғанын хабарлады. Ол 2019 жылдан бастап басқарма басшысы қызметін атқарды.

Оның орнын Жорабек Баубеков басты.

Бұған дейін Еңбек министрі Біржан Нұрымбетовтің ағасына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғаны хабарланған болатын. Ол бірнеше адамнан бірнеше рет пара алды деген күдікке ілініп отыр. Оның үй қамаққа алынғандығы да айтылды.

Министрдің ағасы туралы шамамен 15 жыл бойына Жамбыл облысы әкімдігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істегені белгілі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: