Жаңалықтар тізбегі
0

Пара алды деп күдікке ілінген Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетуге өтініш білдірді

news.myseldon.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2020 16:57 news.myseldon.com
Бұл оның кінәлі екендігін білдірмейді.

Қазіргі уақытта тергеліп жатқан Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев қызметінен кету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл шешімді Таубаевтың адвокаты Игорь Вранчев жариялады.

- Мен шешім қабылдап, 22 қазанда мені Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметінен босату туралы Атырау облысының әкіміне өтініш жаздым. Бұл шешім қазір маған қатысты тергеу жүргізіліп жатқан қылмыстық іс бойынша өз кінәмді мойындаумен байланысты емес, керісінше мен өзімнің кінәсіз екенімді дәлелдегім келеді, өйткені тағылған айыпқа сай ештеңе жасаған жоқпын. Бұл шешімге тергеу амалдары жүргізіліп жатқан кезде мұндай жауапты қызметті атқара алмайтындығым себеп болды. Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасарына жауапты жұмыс саласы сеніп тапсырылған, Алда ҚР Мәслихаттары мен Мәжілістерінің сайлауы да келе жатыр, осыған байланысты өз әріптестеріме және Атырау облысының әкіміне күдік тудырғым келмейді. Осыған байланысты және тек осы себепті ғана мен осындай шешім қабылдадым, - дейді Таубаев өз мәлімдемесінде.

10 қыркүйекте Атырауда 182 миллион теңге пара алды деген күдікпен облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаевтың ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Таубаев өзінің кінәсіз екенін мәлімдеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: