Жаңалықтар тізбегі
0

Жемқор бақташы 6 айда бөтеннің 18 қойын жеп қойды

ТО ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2020 21:04 ТО ПД баспасөз қызметі
Түркістан облысында сеніп тапсырылған қойларды ысырап еткен қойшы анықталды

Түлкібас АПБ-нің кезекшілік бөлімшесіне жергілікті тұрғыннан арыз түсті. Жәбірленушінің айтуынша ол ағымдағы жылдың мамыр айында 387 бас қойын санап бақташыға сеніп тапсырған, деп хабарлайды zakon.kz ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алайда қараша айында алып кетуге барғанында 18 бас малының жоқ екенін жеткізеді.

Аталған арыз Түлкібас АПБ-не тіркеуге алынып, ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабымен "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу" енгізілді.

Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 1 миллион теңгені құрады.

Тәжірибелі тәртіп сақшылары шұғыл әрекет етіп, тексеруді бастап кетті. Ауыл-аймақтың барлық жайылымдық жерлеріне тінту жүргізіп, көрген-білген тұрғындардан жауаптар алынып, сонымен қатар мал базарлар мұқият тексерілді.

Жинақталған ақпарат көздері нәтижесінде полицейлер осы қылмысқа күдікті жергілікті тұрғын яғни бақташының өзі екендігін анықтады. Күдіктінің бас шарасы "міндеттемеде ". Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері мал жайылымында малдарыңызды қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Сондай-ақ өзіңізге жақсы таныс емес азаматтарға малыңызды сеніп тапсырмағаныңыз абзал. Ал, бақташыға сеніп тапсырылған төрт-түлігіңізді жиі тексеріп, қадағалап тұрғаныңыз жөн. Үй жануарларыңыз жоғалса немесе ұрланса, онда сіз уақыт жоғалтпай шұғыл түрде полицияның "102" нөміріне хабар беріңіз. Бұл өз кезегінде қылмыскерлердің ізін суытпай құрықтауға көмектеседі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: