Түркістан облысында малшы өзіне сеніп тапсырылған жылқыларды сатып жіберген

жылқы, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.01.2024 21:52 Сурет: polisia.kz
Түркістан облысында малшы өзіне сеніп тапсырылған жылқыларды сатып, ақшаны жаратып жіберген, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, ауыл сыртында мал бағатын малшыға малын сеніп тапсырған. Алайда оның сеніп тапсырған үш жылқысын жымқырып кеткен. Күдікті жәбірленуші азаматқа 2 млн теңге шығын келтірген.

Полицейлер аталған фактіні ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу") бойынша тіркеді.

Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 44 жастағы ер адамды жеткізіп, одан жауап алды. Белгілі болғандай, күдікті ер адам жылқыларды 2 миллион теңгеге сатып, ақшаны өзінің бас пайдасы үшін жаратқан.

Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: